“Әке - қорған, әке - дос, әке - бедел” ұранымен өткен әкелер форумының мақсаты:
“Бүгінгі күнгі әке қандай болу керек? Әкелеріміз өз миссияларын орындап жүр ме?”- сұрақтары аясында ашық диалогқа түсу.Форумға шақырылған қонақ Қазақстандағы тұңғыш “Әкелер мектебі” білім орны мекеме директоры,педагог - психолог - Садуақасов Ертісбек Қайырбайұлы. Әкелердің бас қосуы жаңаша форматта ой түйіп, бала тәрбиесіне жаңа көзқарас туғызуға түрткі болды.



